Төлеуғали Есімжанов (24.03.1942 жыл, Семей облысы, Шұбартау ауданы, Алғабас ауылы) - жазушы.
1965 жылы ҚазМУ-нің филология факультетін бітірген. Осы жылы мектепте мұғалім, 1966 — 1970 жылдары аудандық «Жаңа өмір» газетінде бөлім меңгерушісі, 1970 — 1975 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1975—1976 жылдары «Ара-Шмель» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.
Алғашқы кітабы 1967 жылы «Дала тынысы» деген атпен жарық көрді. «Бір ұяның қарлығаштары», «Тау самалы», «Аяулым», «Мамыр айы махаббат айы», т.б. повестер және әңгімелер жинағы шыққан.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:24 наурызда туғандар Санат:1942 жылы туғандар Санат:Шұбартау ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Ара-Шмель журналы қызметкерлері