Жалған саршаяндар () – өрмекшітәрізділер отрядынан.
Бас-кеудесі тұтас қатты қалқанмен қапталған. Оның екі жағына 1-2 жұп көздер орналасқан. Құрсағы жалпақ. Қысқыш тәрізді екі кішкене хелицерлерінде кеуде өрмек бездерінің өзектері ашылған. Педипальпілері саршаяндарға ұқсас ірі, қысқыш тәрізді, ал кейбіреулерінде улы бездері болады; қоректік жануарларын ұстауға бейімделген. Тыныс мұшелері трахея типтес. Ұрықтануы ішкі-сыртқы сперматофорлы. Жұмыртқалары ұрғашыларының денесінде арнайы камерада дамиды. Барлық та жағдайларда, әсіресе тропикалық және субтропикалық аймақтарда таралған, 2000-дай түрі бар. Жасырын өсімдік қалдықтарында, топырақта, шіріген ағаштарда тіршілік етеді. Кейбір түрлері үңгірлер, адамдар тұрақтарында және қора-жайды тұрақты мекендейді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Жалған саршаяндар