Адмирал () – қабыршақ қанаттылар сабының нимфалидтер тұқымдасына жататын көбелек. Қанат құлашы 6 см. Алдыңғы қанатының үсті қара-ақтаңбалары және қызыл қисық орналасқан қызыл жолағы ал шетінде қызыл жолақтар байқалады. Бүкіл Еуропа мен Азияда таралған. Жұлдыз құрттары қалақай жапырақтарына оранып кейде қуыршақ сатысында жапырақта тіршілік етеді. Оңтүстікте жылына екі ұрпақ береді жазғытұрым (қыстақтан кейін) және шілде-кыркүйекте. Алыс жерге көшіп-қонады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Қабыршақ қанаттылар