Рязанов Александр Федорович- Тарихшы - Орынбор губерниясында, Степная стансасында туған.
1902 жылы Орынбор юнкер училищесін бітірген; 20-жылдары Мәскеу әскери педагогика институтында оқыған. 1923-1924 жылы Қазақ әскери өлкетану ғылыми қоғамының хатшысы. 1924 жылдан Орынбор губерния архив бюросының ғылыми қызметкері.
19 ғ-да Қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы тарихын зерттейді. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Қаратай сұлтан және т.б. тарихи тұлғалар туралы зерттеу еңбектері бар.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер