Мамытбек Жаңбыров - 1936 жылы 25 мамырла Түркістан облысы, Арыс ауданы Монтай әкімшілігіне қарасты Қабылсай елді мекенінде дүниеге келген. Ташкент қаласында несие-қаржы техникумын, Қаржы -экономикалық институтын бітірген. 1959—1961 жылдары Арыс қаласында мемлекеттік банкте — экономист, 1961 — 1965 жылдары Арыс ауданында, кейін Түркістан ауданында бақы-лаушы-тексеруші, 1965—1968 жылдары Түркістан аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінде инспектор, 1968—1977 жылдары Келес ауданында бақылаушы-тексеруші, 1977—1981 жылдары Бөген (қазіргі Ордабасы) ауданында аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 1981 — 1990 жылдары Шымкент қаласында автокөлік мекемесінде бас есепші, 1990—1998 жылдары Қаржы бақылау басқармасында бас бақылаушы болып қызмет атқарған. Шығармашылығы 1997 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Өмір өткелдері», «Алтын алқа» баспасынан «Тағдыр», «Кен-жебай баба үрпақтары-қазаяқ көлегей шежіресі», 1998 жылы «Арпалыс» прозалық кітаптары шыққан.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жылҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:1936 жылы туғандар