Кермарал () - бұғы туысына жататын сүтқоректі жануар.

Еркегінің мүйізінде 5 тармағы бар. Құйрығы кысқа. Жаңа туған бұзауларының терісі теңбіл. Дене ұзындығы 80-250 см дейін, салмағы 75-340 кг дейін. Еуразияда, Солтүстік Африкада, Солтүстік Америкада таралған. Бірнеше географиялық түрлері бар (үзбара, марал, вапити және т.б.). Оңтүстік Америкада, Австралияда, Жаңа Зеландияда жерсіндірілген.

Күзде күйленеді. Буаздығы 238-245 тәулікке созылады. Бұзауы біреу. Кәсіпшілік бағалы нысаны. Бірқатар жерде жойылған. ТМД-да аулауға шектеу койылған. Үзбараларды мен маралдарды бұғы өсіру шаруашылықтарында көбейтеді (мүйізіне бола өсіреді, жануарды соймай-ақ мүйізін кеседі) 8 түршесі ХТҚО мен КСРО-ның Қызыл кітабына еңгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Кермарал аңына арналған өлең тексті

Маралдым

с. М.Әлімбаев ә. Ә.Бейсеуов

Қыз Қорлан қор қызындай тамсандырған

Естайға әлемде жоқ ән салдырған

Маралды! Маралды - төр! Маралды - көл

Самалдай ән еседі қарсы алдыңнан

О, Маралдым, Маралдым!

Сенің үшін жаралдым

Топырағыңнан нәр алдым

Көзіндейсің сен маған

Атам менен анамның

Туған ел, туған жерім - "Қызыл таңым"

Сапырған күн астында қызыл дәнін

Көркіңе көрмегендей қызығамын

О, Маралдым, Маралдым!

Сенің үшін жаралдым

Топырағыңнан нәр алдым

Көзіндейсің сен маған

Атам менен анамның

Туған жер, өскен елім - "Қызыл таңым"

Сенікі ішкен суым, тұзым-дәмім

Даңқыңды, дәулетіңді шалқытады

Бақытын сенен тапқан қыз-ұлдарың

О, Маралдым, Маралдым!

Сенің үшін жаралдым

Топырағыңнан нәр алдым

Көзіндейсің сен маған

Атам менен анамның.

Дереккөздер

Санат:Бұғылар