Халықтың жинақ ақшасы — халықтың ақшалай табысының (түсімінің) қазіргі жұмсайтын шығынынан болашақтағы шығынға арналатын бөлігі. Халықтың жинақ ақшасы - жеке тұлғаның немесе отбасының ақшалай табысының белгілі бір кезеңде пайдаланылмаған бөлігі ретінде халықтың ақшалай табысы айналымының (ағынының) элементі болып табылады. Жаңартылу және бұрынғы жылдардың қорлану нәтижесіне үздіксіз , қосылу үдерісіндегі өсім шамасы ретінде Халықтың жинақ ақшасы отбасынын жалпы байлығының бір бөлігі болып табылатын қаржы байлығын (қағаз активтер) құрайды. Статистикалық тұрғыда отбасынын ақшалай қаражатының нақты күнгі қорланған қалдығы.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы