thumb|Б. Байсейітов Бақытбек Рымбекұлы Байсейітов (14 мамыр 1958, Алматы) - қазақ қаржыгері, "Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамының негізгі акционері мен директорлар кеңесінің төрағасы.

Білімі 1979 жылы Мәскеу қаржы институтын тәмамдады. 1981 жылы - АХШИ (Алматы халық шаруашылығы институты) бітірген. Мамандығы - қаржы және несие. 1986 жылы - АХШИ аспирантурасын аяқтады. 1987 жылы - Г.В. Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын бітірген. Өмірбаяны Арғын тайпасының Қаракесек руының Жалықбас бұтағынан шыққан.«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017 1979-80 жж. - Апматы облысы Мемлекеттік банкі кеңсесінің экономисі. 1981-88 жж. - КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ республикалық кеңсесінің аға экономисі, басқарма бастығының орынбасары. 1988 ж. - КСРО Тұрғын үй әлеуметтік банкі Қазақ республикалық банкінің басқарма бастығы. 1988-91 жж. - Алматы орталық кооперативтік банкінің Басқарма төрағасы. 1991-93 жж. - «Центрбанк» Қазақ орталық акционерлік банкінің (ҚОАБ) Басқарма төрағасы. 1993 жылдан - «Центрбанк» ҚОАБ (1997 жылдан - «Банк ЦентрКредит» АҚ) Бақылау кеңесінің (Директорлар кеңесінің) төрағасы. «Қазақстан Интернационалдық банкі» ЖАҚ Бақылау кеңесінің (Директорлар кеңесінің) төрағасы (1993-2003). 1991 жылы - «Атамекен» қаржы-инвестициялық корпорациясының президенті 1997 жылдан - «Атамекен» ҚӨТ Басқарма төрағасы; «ТұранӘлем Банкі» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (1998-2003). Қоғамдық қызметі КСРО коммерциялық банктерінің қауымдастығы Төралқасының мүшесі (1989-1992) Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің президенті (1992-96) Америкалық-Қазақстандық іскерлік кеңесінің тең төрағасы (1993-1996) 1996 жылдан - ҚР Банктер қауымдастығының президенті. 1999 жылдан - «Отан» РСП Орталық бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы. ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі (2001-03). «ВМВ Мunai» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі (2003-05). Марапаттары «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі; «Тыңға 50 жыл» медалі;Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X «Құрмет» ордені; «Достастық Жұлдызы» ордендері; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі; «Астанаға 10 жыл» медалі; «Отан» РСП «Белсенді қызметі үшін» белгісімен марапатталған. Көзқарастары Діни көзқарасы: «Дінге философиялық көзқараста». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Интеграция және бірізді даму». Үйленген. Жұбайы - Байсейітова Лена Әділханқызы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:14 мамырда туғандар Санат:Қазақстан қаржыгерлері Санат:1958 жылы туғандар Санат:Қазақстан миллиардерлері Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері