thumb|right|250px|Қорғаныш реңдіктің үлгісі Қорғаныш рең (Мимикрия; — еліктеу) — жануарлардың бір түрінің реңі мен пішінінің басқа жануарға, өсімдікке немесе затқа, экскрементке, жеуге жарамсыз (қауіпті) жануарларға ұқсауы. Мысалы, ине-балықтардың балдырларға, көбелектердің түсінің жапырақ түсіне ұқсауы және т.б. Қорғаныш рең жануарлардың тіршілік үшін күресте сақталуына, жауларынан қорғануына, азықтарын аулауға және т.б. мүмкіндік береді; өсімдіктердің бір түрінің түсі мен пішінінің, иісінің және т.б. белгілерінің басқа өсімдік түріне немесе жануарларға ұқсауы; өсімдік үшін пайдалы жануарларды еліктіруге немесе зиянды жануарларды үркітуге себепші болады. Мысалы, шірнесінен айырылған кездікқынның гүлдерінің балды өсімдіктердің гүлдеріне ұксауы тозаңдандыратын жәндіктерді еліктіреді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Түстiң қорғаныш реңі thumb|right|200px|шөптегi шегiртке thumb|left|200px|жапырақтағы ақтиын Дереккөздер

Санат:Экология Санат:Табиғатты қорғау