Степан Герасимович Анкинович (14.11.1912, Витебск облысы Кашино ауылы – 16.6.1985, Алматы) – геология-минералдық ғылымдарының докторы (1964), профессор (1967). Қазақ КСР-інің еңбек сің. жоғары мектеп қызметкері (1972). Ленинград (1938, қазіргі Санкт-Петербург) тау-кен институтын бітірген. 1938–51 ж. Қазақстанның геологиялық қызметі жүйесінде, Жезқазған, Ұлытау кенді ауданында, Үлкен Қаратауда полиметалл, темір, марганец, ванадий кендерін барлайтын партиялар тобы мен экспедициялардың геологы, аға геологы, бас геологы, Қазақ геологиялық басқармасының аға инженері болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар 1949 жылдан Қазақ кен-металлургия институтында (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) доцент, 1970 жылдан кафедра меңгерушісі болды. Анкиновичтің негізгі ғылыми еңбектері Солтүстік Тянь-Шаньның (Үлкен Қаратау мен Жабағылы) және Сарыарқаның батыс бөлігінің геологиясын, стратиграфиясын, шөгінділік металлогениясын, түсті металдар кендерінің геологиясын зерттеуге арналған. КСРО Мемлекеттік сыйл. лауреаты (1946, 1948).Қазақ энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер С.Г и Е.А. Анкиновичи - Белорусский портал в Казахстане [Лауреаты Сталинской премии за выдающиеся изобретения и коренные ...]

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1912 жылы туғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан геологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері