Көшелек Еламанұлы - (1874, Шыңғырлау ауданы, Аша а. — 1951, сонда) — суырып салма ақын, жыршы. Көптеген өлеңдері ауыздан-ауызға тараумен сақталған.
Жас кезінде Қобда, Елек, Шыңғырлау өңіріне белгілі ақын Жолмағамбет Сағынтайұлының қасына еріп, ән-күй, жыр, дастан үйренеді. Орал, Ақтөбе, Атырау, Орынбор аймақтарын аралап, жыр айтады. 1904-05 ж. Орынбор қаласында өткен суырыпсалма ақындармен айтыста жазылып алынған өлең жолдары күні бүгінге дейін сондағы мұражайда сақтаулы. Көшелектің Ұлы Отан соғысы кезіңде шығарған өлендері Орал облысы газетінде жарияланған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:1874 жылы туғандар Санат:Шыңғырлау ауданында туғандар Санат:1951 жылы қайтыс болғандар Санат:Шыңғырлау ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақ ақындары Санат:Қазақстан жыршылары Санат:Айтыс ақындары