Гидроборацит – бораттар класының тізбекті тобына жататын минерал. Хим. формуласы СаМg(Н20)3[В304(0Н)3 ] 2 ., құрамында 49,5% В2О3 бар.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Моноклиндік сингонияда кристалданып, ине, талшық, сферолит, жұлдызша түріндегі агрегаттар құрайды. Түсі ақ немесе түссіз, қызыл, сұр, кейде шыныдай жылтыр болады. Қаттылылығы 3,5 – 4,5; сынғыш; жымдастығы жақсы байқалады; тығыздығы 2167 кг/м3. Гидроборацит борлы тас тұзы кендері мен тұз күмбездерінде гипс, ангидрит, бораттармен бірге кездеседі, кейде тұзды көлдерде тұнады. Гидроборациттің ірі кендері Қазақстандағы Индер көлінде бар. Гидроборациттен бор қосылыстары өндіріледі.Қазақ энциклопедиясы
Гидраборацит басқа бораттармен қатар бор қышқылын алуға, тағы басқа химиялық өндіріске шикізат болып табылады (ашаритті қараңыз).Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69 Дереккөздер
Санат:Минералдар