Қан құю орталығы - медициналық мекеме. Емдік мақсатта адам қаны мен қан препараттарын даярлау және өндеу жұмыстарын ұйымдастырып, методикалық тұрғыдан басшылық етеді. 1937 ж. Орал қ. бойынша алғаш рет 350 мл қан ауруханаға тапсырылды. 1967 ж. облыстық денсаулық сақтау бөлімі бүйрығы бойынша Қан құю орталығы дербес профилактика-емдеу мекемесіне айналды. Республикадағы ірі мед. орындарының бірі. Мұнда 200-дей білікті мамандар, арнаулы бөлімдер, лабораториялар, инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмыс істейді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер