Басқын балық тәрізділер немесе Алабұға-шортан тәрізділер () — сүйекті балықтар отряды.
Ұзындығы 30 см-ден 3 м дейін, салмағы 140 кг дейін жетеді, ең ірілері, барракудалар. Желбезектері 6-7 жарғақ шоғынан тұрады. Жабықторсылдақты. Жүзбе қанаттары тікенекті. Арқа жүзбе қанаттары екеу; бауыр жүзбе қанаттары 6 шоқтан құралған. ТМД аймағындағы су қоймаларында кефаль тұқымдасының 7 түрі, барракуда тұқымдасының бір түрі таралған. Кефальдар детритпен, барракудалар балықпен қоректенеді. Басқын балықтар кәсіпшілік объекталары және оларды көбейту мәселесі жолға қойылған.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология/Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Басқынбалықтәрiздiлер