thumb Күлбаршын Бүркітқызы Базарбекова - 1958 жылы 1 қаңтарда Көкшетау қаласында туған. 1983 жылы Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, экономист.

1983-85 жылдары - Торғай облысы қаржы бөлімінің аға экономисі.

1985-90 жылдары - Алматы қаласы Калинин ауданы қаржы бөлімінің экономисі.

1990-97 жылдары - Алматы қаласы Бостандық ауданы Салық комитетінің бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы.

1998 жылы «АФН» ЖШС директоры.

1998-2002 жылдары «Дара-Аудит» ЖШС директоры.

2002 жылдан - «Сапа-Аудит» ЖШС директоры. Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының мүшесі. ҚР Аудиторлар палатасы жанындағы Салық салу мәселелері жөніндегі комитетінің төрайымы. «Аруана» клубының мүшесі.

Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Алдына мақсаттар қою».

Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Өзін ұстай білушілік, батылдық, жақсы кеңестерге құлақ аса білу, жоспарлай білу».

Қазақстан қаржы аясына талдау: «Қаржы саласы үш өзара байланысты салалардан: қаржы нарықтары мен институттарынан, инвестициялардан және қаржыны басқарудан тұрады. Бүгінгі таңда бизнеспен айналысып жүргендердің бәрі қаржы ісінің негіздерін зерттеп, түсінуі керек. Өкінішке қарай, Қазақстанда бұл мәселе әзірге тиісті деңгейде емес».Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X

Балалар үйлеріне, мүгедектер қорына және басқа қоғамдық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсетеді.

Әскери атағы Әскери атағы - запастағы азамат қорғанысы сержанты. Діни көзқарасы Діни көзқарасы - «Құдайға сенемін». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Идеалдар жоқ». Қазақстанның болашағы туралы болжамы Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның өркендеуі мен жарқын болашағына сенім». Хоббиі Хоббиі - өздігінен даму, жеке бастың өсуі, психология жөніндегі кітаптарды оқу, табиғатқа шығу. Сүйіп оқитын әдебиеті Сүйіп оқитын әдебиеті - В. Синельниковтың, X. Сильваның ездігінен даму жөніндегі кітаптары, Нил Доналд Уолш «Құдаймен сұхбат». Үй жағдайы Тұрмыс құрған. Жұбайы - Коңырбаев Наурызбай Әнсенұлы (1960 жылы туған), «Нақ-Пайда» ЖШС директоры. Ұлы - Наурызбайұлы Еламан (1986 жылы туған); қызы - Коңырбаева Әсия Наурызбайқызы (1988 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар