Кәдірбек Сауырұлы Сегізбаев(01.05.1941 жылы туған Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жарсу ауылы) - жазушы, журналист, аудармашы. Жазушылар одағының мүшесі. Зайсан ауданының Құрметті азаматы.

ҚазҰУ-ды бітірген (1967). 1967 - 1977 жылдары "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алап") газетінде. "Білім және еңбек" (казіргі "Зерде") журналында кызмет істеген. 1977 - 1986 жылдары "Жалын" альманағы бас редакторының орынбасары, 1986 - 1993 жылдары Қазақ Совет энциклопеднясында бөлім меңгерушісі, 1993 - 1995 жылдары "Санат" баспасынын бас редакторы қызметтерін атқарған. 1995 жылдан "Атамүра" баспасының бас редакторы. Алғашқы әңгімелері республикалық баспасөздерде 1968 жылдары жариялана бастады.

Шығармалары

Бір топ әңгімелері орыс тілінде кітап болып шықты. Орыстың белгілі жазушысы А.Лихановтың "Менің генералым" атты романын, М.Дрючкованың "Ақ ханша" атты ертегілерін, поляк ғалымы Б.Залескийдің "Қазақ сахарасына саяхат" кітабын қазақ тіліне аударған. "Жап-жасыл әлем" повесі "Жалын" баспасы ұйымдастырған жабық бәйгеде бірінші жүлдеге ие болған (1981).

Ашылмаған сыр. Әңгімелер. А., 1972; Ашылмаған сыр. А., 1972; Қойнаудағы ауыл. Повестер мен әңгімелер. А., 1975; Өреңге өскен гүл. А., 1976; Жылдың ең қысқа күндері. А., 1978; Люди дальных дорог. А-А., 1981; Біз қалада тұрамыз. А., 1983; Жер ортасы А., 1991; Жылдың ең қысқа күндері. Повестер мен әңгімелер. А., 1978; Этот зеленый, зеленый мир. Повести и рассказы. А-А., 1984; Жол. Роман, повесть. А., 1986; Беласқан. Роман, повестер. А., 2001.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Зайсан ауданында туғандар Санат:1941 жылы туғандар