Хұсайын Тәкежанұлы (1.7.1886, Ақмола уезі, Жыланды болысы, №1-ауылы - 15.5.1972, Астана) - ақын. 1905 - 1910 жылы Қызылжардағы 1910 - 1917 жылы Нұрада мұғалім болған. 1924 - 1940 жылы Ақмолада дәрігерлік қызмет атқарған. Алғашқы әдеби туындылары "Айқап" журналында, "Таң өлеңдері" жинағында (1925) жарияланған. "Ауруға көсемше" (1928) дәрігерлік кітабы, "Термелер" (1959), "Қария толғанысы" (1971) деген өлең жинақтары басылып шықты.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:1886 жылы туғандар Санат:Ақмола облысында туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ ақындары