Торғай Әмірханұлы Әлімбаев(1945 жылы туған, Қарағанды облысы) – тарих ғылымдарының докторы (1998), профессор (2000), Халықаралық экология академиясының академигі (1999)“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9. Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққанАлтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014.
Қарағанды педагогикалық институтын бітірген (1968). 1977–2002 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 2002–2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік қызметкерлер академиясында, Басқарушы мамандарды даярлау институтының директоры қызметтерін атқарды. 2004 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. Әлімбаев 70 ғылыми еңбегі мен 4 монографияның авторы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1945 жылы туғандар Санат:Қарағанды облысында туғандар Санат:Қазақстан тарихшылары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар