Шәкір Шәкімшәріпұлы Ибраев (31 желтоқсан 1950 жылы туған, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бестам ауылы ) – фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы (1993), профессор (1997).
ҚазМУ-дың (1973, қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген. Мәскеу қаландағы КСРО ҒА Шығыстану институтының аспирантурасын (1979) бітірген. ҚазМУ-да аға оқытушы (1980–89) Әдебиет және өнер институтында Қолжазбалар орталығының жетекшісі (1989–93), институт директоры (1995–2000) Түркістан қаласындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті (2001–04), осы университет жанындағы ғылыми орталық (2003–04) 2004-2007 жж. – Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Ғылым орталығы директоры. 2007–2010 жылдар Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқарды. 2014-2022 жж. – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры. 2024–2025 жж. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология институтының директоры.
Ғылыми еңбектері «Қазақтың батырлық эпосының поэтикасы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми-зертеулік еңбектері фольклор және түркология мәселелеріне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымы, монографиялары мен кітаптары: «Қазақ эпосы», 1977; «Эпос әлемі», 1993; «Оғыз батырлық эпосының поэтикасы», 1997; «Дастан құрылымы», 1998, соңғысы түрік тілінде, т. б.) жарық көрген. Мемлекеттен алған марапаттары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының шаруашылығы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы лауреаты (1990).Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы «Түрік дүниесіне қызмет» сыйлығы (Анкара, 2006). Ғылымға қосқан ерекше үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стипендиясы берілді (2008). Еуропалық бизнес, ғылым және өнер Ассамблеясының (ЕВА, Англия) «Біріккен Еуропа» халықаралық наградасы (Оксфорд, 2008). «Құрмет» ордені (2009). Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне «20 жыл» медалі (2011). «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалі (2014). «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі (2020). «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» ТҮРКСОЙ медалі (Анкара, 2020). Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Әбу Насыр әль-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды (2021). «Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы» медалі (2022). «Парасат» ордені (2024).
Дереккөздер
Санат:31 желтоқсанда туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Шиелі ауданында туғандар Санат:Қазақстан фольклоршылары Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әдебиет және өнер институтының профессорлары