Зұқай Шәрбақынұлы (23 сәуір 1941, Баян-Өлгей аймағы, Моңғолия – 4 сәуір 2026) — моңғолиялық және қазақстандық ақын мен жазушы, Моңғолия (1975) мен Қазақстан (1993) Жазушылар одағының мүшесі.

Өмірбаяны 1941 жылы (кей деректерде 1940 жылы) Шәрбақынұлы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Ол Ұланбатыр қаласындағы Моңғол мемлекеттік педагогикалық институты мен Партия жоғары мектебін тәмамдаған.

Шәрбақынұлы еңбек жолын Моңғолияның батыс бөлігіндегі қазақтар қоныстанған Баян-Өлгей аймағында бастап, спорт және әкімшілік салаларында жауапты қызметтер атқарды. 1992 жылы тарихи Отаны, Қазақстанға, қоныс аударды. Оралғаннан кейін совхоз директорының орынбасары, Ақмола облыстық көші-қон басқармасында аға маман болып қызмет істеді.

Шәрбақынұлы 2026 жылғы 4 сәуірде қайтыс болды.

Шығармашылығы Зұқай Шәрбақынұлы 1960 жылдардан бастап әдебиет айдынына шықты. Ол — өлең, дастан, толғау, поэма, тарихи хикаялар мен ғұмырнамалық шығармалар жазып, оқырманға 20-дан астам кітап сыйлаған автор.

Моңғолияда жарық көрген жинақтары (1970–1990) «Көкпар» «Ақ жаңбыр» «Сыр маржандары» «Көңілдің көкжиегі» «Жайлау сазы»

Қазақстанда жарық көрген еңбектері (1990–2026) Шәрбақынұлының прозалық кітаптары қатарында: «Киелі қанның тамшысы» «Нар тұлға» «Бедерлі ғұмыр» «Қияда түлеген қыран» «Қойтасты қойнауы жасырған сыр» болса,

Поэзиялық жинақтары арасында «Айбыным — Атамекенім» «Аспан асты — кең мекен» «Тылсым тірлік тағылымы» «Өмірдің өң бедері» «Қарт жүректің алауы» болды.

Жетістіктері Автор ел көлемінде өткен көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері атанған.

Дереккөздер

Сыртқы сiлтемелер «Аспан асты – кең мекен» кiтабын жүктеп алу

Санат:Қазақ жазушылары Санат:Қазақ ақындары Санат:Моңғолия қазақтары Санат:Моңғолия ақындары Санат:Моңғолия жазушылары Санат:Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Санат:Моңғолия Жазушылар одағының мүшелері