Владимир Георгиевич Шестериков (10.5.1939 жылы туған, Coлтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, "Чистовский" кеңшары) - ақын.
1962 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы "Ленинская знамя" газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. КСРО медальдармен және Қазақстанның Жоғары Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Биографиясы 1962 жылы Петропавл педагогикалық институтын бітіргеннен кейін өмірінің соңына дейін облыстық "Северный Казахстан" ("Ленинское знамя") газетінің әдеби қызметкері, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, редактордың орынбасары, қоғамдық-саяси бөлімінің редакторы болып жұмыс істеді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы "Нива" әдеби-көркем журналының негізін қалаушылардың бірі болды. Аталмыш журналда редколлегия мүшесі және поэзия мен проза бөлімдерінің редакторы қызметін атқарды. "Провинция" әдеби журналының авторы.
Беделді әдеби және журналистік сыйлықтардың лауреаты.
Шығармалары Новые стихи. 1969; Костры земли. Стихи. 1974; Острова в степи. Стихи. 1979; Второе зрение.Стихи. 1983.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:10 мамырда туғандар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Мағжан Жұмабаев ауданында туғандар Санат:26 мамырда қайтыс болғандар Санат:2010 жылы қайтыс болғандар Санат:Петропавлде қайтыс болғандар Санат:КСРО ақындары Санат:Қазақстан ақындары Санат:XX ғасыр ақындары Санат:XXI ғасыр ақындары Санат:XX ғасырдағы орыс жазушылары Санат:XXI ғасырдағы орыс жазушылары Санат:Орыс ақындары Санат:Қазақстан жазушылары Санат:КСРО жазушылар одағы мүшелері Санат:Қазақстан жазушылар одағы мүшелері Санат:КСРО журналистері одағы мүшелері Санат:КСРО журналистері Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті түлектері