Жайық салы - фольклорлық ансамбль.

Ол Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Мәдениет үйі жанынан құрылды. 1989 ж. халық асамблі атағын иеленді. Жетекшісі - С.Зинетов.

Ансамбль мүшелері әр түрлі көне аспаптарда ойнайды. 1991 ж. Ақмола қаласында (қазіргі Астана) өткен фольклорлық ансамбльдер байқауының дипломанты. Ансамбль репертуарында халық әндері ("Әгугай", "Арман-ай", т.б.), халық композиторларының (Біржан салдың "Көкек", Ақан серінің "Қара-торғай", т.б.) әндері, күйлер-билері бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965260958

Дереккөздер

Санат:Ақжайық ауданы мекемелері Санат:Қазақстан музыкалық ұжымдары