Михаил Владимирович Соколовский (Сокольский) (1901, Петербург қ. - 1941, қазіргі Санкт-Петербург қаласының маңы) - режиссер.

Өмірбаяны 1920 - 1930 жж. кең өріс алған Жұмысшы жастар театры қозғалыс өкілдерінің бірі.

1919 - 1925 жж. Ленинградтың мәдени мекемелерінде қызмет етті. 1925 - 1935 жж. осындағы Жұмысшы жастар театрын басқарып, бірқатар спектакльдер қойды.

1939 - 1940 жж. Қазақ академиялық драма театрында У. Шекспирдің "Отеллосын", Н.Ф. Погодиннің "Мылтықты адамы" мен Н.В. Гогольдің "Ревизорын" қойды. Бұдан кейін Ленинградқа қайта оралып, Эстрада театрының көркемдік жағын басқарды.

Ұлы Отан соғысы басталысымен халық жасақшыларының қатарында болып, ұрыста қаза тапты.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер