Қосылу реакциясы Қосылу реакциясы нәтижесінде бірнеше (жай немесе күрделі) заттардан бір күрделі зат түзіледі. А+В->С A+B+C->D Мысалы: Ғе + S= FeS жай + жай = күрделі зат СаО + Н20 = Са(ОН)2 күрделі + күрделі = күрделі зат СаС03+С02+Н20=Са(НС03)2 күрделі заттар = күрделі зат 2SO + О = 2S03 күрделі + жай = күрделі
Айырылу реакциясы Айырылу реакциясы нәтижесінде бір заттан екі немесе одан да көп заттар түзіледі (күрделі немесе жай). АВ--->А+В АВС---> А+В+С Мысалы: СаСО3^СаО + С02 бір зат = екі зат 4HN03 = 4N02+2H20+02 күрделі зат = бір зат
Орын басу реакциясы Орын басу реакциясы жай және күрделі зат арасында жүреді, жай зат күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басады. А+ВС -> АС+В Мысалы: Н2+СuО -> Н20+Сu жай зат + күрделі зат -> күрделі зат + жай зат Fe+CuS04 = FeS04+Cu жай зат + күрделі зат = күрделі зат + жай зат
Алмасу реакциясы Алмасу реакциясы кезінде екі күрделі заттың кұрам бөліктері орын алмастырады: AB+CD = AD+BC Мысалы: CuO+2HCl = CuCl2+Н20 күрделі заттар = күрделі заттар AgN03+NaCl = AgCl+NaNO3 күрделі заттар = күрделі заттарХимия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN9965-34-887 Дереккөздер
Санат:Химия