Исламқұдық – Арал қарақұмының шығысында, Ақсақалбелгі құмындағы құдық. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл ауылының оңтүстік-батысында 28 километр жерде орналасқан. Тереңділігі 2 метр, су шығымы 350 л/сағ. Теңіз деңгейінен 125 метр биіктікте. Солтүстігінде Бапан құмы, шығысында Ұзыншұңкыр, оңтүстігінде Алтынсары қоныстары орналасқан. Құдық мал суаруға пайдаланылады.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қазақстан құдықтары