Итауыз – Қызылтау тауының солтүстік-шығысындағы оқшауланған тау массиві.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезді кенті мен Сәтбаев қаласының аралығында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 546 м. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай доға тәріздес созылып жатыр. Ұзындығы 6 км, енді жері 4 км-ге созылған. Көлбеу келген беткейінен Жиделісай, Көкдомбақ өзендерінің салалары бастау алады.
Геологиялық құрылымы Геологиялық құрылымы тас көмір жүйесінің карбонатты, базальтты жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Тауалды коңыр топырақ жамылғысында боз, селеу, қозықұлақ, жусан, терек, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары