Тафтазани, Сад әд-Дин Масуд б. Омар () (1 наурыз 1322, Иран — 10 қаңтар 1390, Самарқан) — соңғы каламның көрнекті өкілі.
Ниса қаласының маңындағы Тафтазан мекенінде туған, әл-Иджи мен Құтб әд-Дин ар-Разиден дәріс алды. Мәуереннаһрдағы әртүрлі медреселерде ұстаздық етіп, отыз жылға жуық өмірін кезбелікпен еткізді, кейін Әмір Темірдің шақыруымен Самарқанға келіп, өле-өлгенше соның сарайында болды.
Тафтазани қаламтанудағы, сондай-ақ, логика, геометрия, поэтика және араб тілі грамматикасын терең білуімен атағы шыққан. Кейінгі ғасырларда оның қалам жөніндегі қысқаша толғамдары, яғни компендиумдары жоғары дәрежеге жетіп, оған көптеген түсініктеме жазылды. Мәселен, «Тахзиб әл-мантик уа-л-калам», «Макасид фи илм әл-калам» еңбектері бізге Тафтазанидің өз түсініктемелері арқылы жеткен.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-322-1
Дереккөздер
Санат:1 наурызда туғандар Санат:1322 жылы туғандар Санат:Иранда туғандар Санат:10 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1390 жылы қайтыс болғандар Санат:Самарқанда қайтыс болғандар Санат:Ислам дінтанушылары Санат:Ханафилер Санат:Матуридтер Санат:Парсы жазушылары Санат:Ислам философтары