Итбай – Бектауата тауының оңтүстік-шығысындағы оқшауланған ұсақ шоқылы тау массиві.

Географиялық орны Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Балқаш қаласының солтүстігінде 57 километр жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 661 м.

Геологиялық құрылымы Жоғары палеозойдың қызғылт гранитінен түзілген. Тау беткейі тасты-тастақты, көлбеу келген.

Өсімдігі Кей жерінде бірен-саран бұта өседі. Беткейаралық аңғарларындағы қоңыр топырағында қайың, терек, тал мен қияқ аралас шалғын өседі. Бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Етегі тақыр.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары