Мәметова Нұрбибі Дәулетқызы (10.7.1936 жылы туған, ҚХР, құлжа қаласы) - әнші, актриса, Қазақстанның халық әртісі (1984).

Құлжа қаласындағы вокалдық курста оқыды (1951 - 1953) және Іле Қазақ музыка театры құрамында (1951 - 1956) қызмет етті. 1957 ж. Қазақстанға қоныс аударады; 1958 жылдан Қазақстандағы Ұйғыр музыкалық комедия театрының (қазіргі Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры) әнтіті-актрисасы.

Ол өткір мінезді рольдерде ойнауда көзге түсті. Олардың қатарында Майсара (Х.Хамзаның "Майсараның айласында"), Мыстан кемпір (С.Мұқановтың "Қашғар қызында"), т.б. секілді рольдер бар. Әнші есімі халық әндерінің, ұйғыр мұқамынан дастандар меп лэпарилерінің (күлдіргі халық әні) шебер орындаушысы ретінде көпшілікке кең танылды. Мәметова репертуарынан ТМД халықтары (қазақ, орыс, өзбек, украин, қырғыз, молдаван, татар, тәжік, түрікмен) мен шет ел (Сирия) композиторларының әндері орын алды. 1985 ж. "Сиқырлы алма" фильміне қатысып, Халысхан ролін орындады.

1981 ж. Ұйғыр музыкалық комедия театрының құрамымен Мәскеу қаласында, ал 1984 ж. гастрольдік сапармен басқа да шет елдерде (Пәкістан) өнер көрсетті.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:10 шілдеде туғандар Санат:1936 жылы туғандар Санат:Құлжада туғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақстан актрисалары Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Ұйғыр музыкалық комедия театры әншілері Санат:Іле Қазақ музыка театры тұлғалары