Күкірт екі түрлі оксид түзеді: S (IV) оксиді - SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ. Күкірт (VI) оксиді, күкірт ангидриді - SО3, ұшқыш, түссіз сұйықтық. SО3+17°С температурада қатты зат. Олар суда жақсы ериді, нәтижесінде күкіртті қышқыл H2SО3 және күкірт қышқылы H2SО4 түзіледі, олай болса, бұлар қышқылдық оксидтер екен.
SO2 + H2O -> H2SO3 (күкіртті қышқылы) SO3 + H2O -> H2SO4 (күкірт қышқылы)
Алынуы Зертханада күкіртті ауада жандырғанда күкірт (IV) оксидін (ауа тартқыш шкафта) алуға болады. Сол сияқты бұл оксидті натрий сульфитінің кристалына, қышқыл ерітіндісін қосып та алады. S + O2 -> SO2 ^ Na2SO3 + 2 HCl -> 2 NaCl + H2O + SO2 ^ Өндірісте сульфидтерді жандыру арқылы: 2 ZnS + 3 O2 -> 2 ZnO + 2 SO2 ^
Химиялық қасиеттері 1) негіздік оксидпен әрекеттесіп тұз түзеді: SO2 + Na2O -> Na2SO3 SO3 + Na2O -> Na2SO4 2) негізбен әрекеттескенде тұз және су түзіледі: SO2 + 2 NaOH -> Na2SO3 + H2O SO3 + 2 NaOH -> Na2SO4 + H2O
Күкірт (IV) оксиді тотығу-тотықсыздану реакцияларында әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш; себебі күкірттің тотығу дәрежесі аралық мәнде (+4) болады.
Қолданылуы SO2 ағартқыш ретінде және зиянды микроағзалардан көкөніс қоймаларын тазартады.Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2009. - 288 бет. ISBN 9965-34-929-0
Дереккөздер
Санат:Оксидтер Санат:Күкірторганикалық қосылыстар
pl:Tlenek siarki(IV) sr:Сумпор диоксид