Мусин Балдырған Серғазыұлы (1947 жылы туған) - инженер-құрылысшы.
Семей құрылыс техникумын (1967), Қарағанды металлургия институтын (2002) бітірген.
1970-1988 жылдары Қарағанды металлургия комбинатының жөндеу-құрылыс цехының шебері, учаске бастығы, бастықтың орынбасары, бастығы, комбинаттын еңбек және кадр басқармасы директорының орынбасары, мамандандырылған жөндеу-құрылыс басқармасының бастығы. 1988-2000 жылдары Теміртау қаласы әлеуметтік мәдени-тұрмыстық басқармасының бас инженері, бастығы, «Қалалық жол қызметі» КМК бас инженері. 2000-02 жылдары - Қарағанды облыстық құрылыс басқармасының бастығы. 2002 жылы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, 2003 жылы Теміртау қаласы әкімі болып тағайындалған.
«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1947 жылы туғандар Санат:Қазақстан құрылысшылары Санат:Теміртау әкімдері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Семей құрылыс техникумы түлектері Санат:Қарағанды металлургия институты түлектері Санат:Қарағанды металлургия комбинаты қызметкерлері