Қарағайлы, Қазақстан темір жолының Қарағанды бөлімшесіне қарасты 3-класты жүк тасымалдайтын темір жол бекеті. Қарағанды — Қарағайлы темір жол желісінде, Қарағандының шығысында 279 км жерде орналасқан. Қабылдау-жөнелту, түйісу және тұйық жолдары бар. Қарағайлы кен-байыту комбинатына, асфальт-бетон зауытына қызмет көрсетеді. Қарағайлы—Қарағанды жолаушылар поезын жасақтайды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қарағанды облысы елді мекендері