Болат Кәрімұлы Мұсырғалиев (25 желтоқсан, 1943 жыл, Алматы қаласы) - сәулетші, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы (2007).

Өмірбаяны Әкесі - Мұсырғалиев Кәрім, марқұм. Анасы - Шатрова Марианна Ермолаевна, марқұм. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс факультетін бітірген (1967), инженер-құрылысшы. 1968 жылдан бері - ЖИ «Алматыгипрогор-1» ЖШС МАБ-3 инженер-құрастырушысы, бас құрастырушы.

Қоғамдық қызметі

ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі.

Салған құрылыстары Пионерлер сарайы (Алматы қ.) Павлодар қаласының Бас мешіті Астана қаласының циркі (2000 орындық) «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілік мекемесі (Астана қ.) нысандарын даярлауға қатысқан.

Марапаттары ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған (1984). ҚР Құрметті құрылысшысы (2007).

Отбасы Ажырасқан. Қызы - Молодых Анна Болатқызы (1978 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:25 желтоқсанда туғандар Санат:1943 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Қазақстанның құрметті құрылысшылары Санат:Қазақстан құрылысшылары