Серік Бейсенбайұлы Сүйіндіков -1974 жылы 20 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Каменка ауылында туған. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін (1997) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша; С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (2003) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1991 жылдан - Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Тройницкое ауылдық клубының меңгерушісі. 1992 жылдан - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенті. 1997-1998 жылдары - ҚР Қарулы күштерінде қызметте. 2000 жылдан - Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасындағы қызмет. 2002 жылдан - «Үміт» балалар үйінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы (Өскемен қаласы). 2003 жылдан - «ШҚО Коммуналдық меншік басқармасы» МБ шағын бизнес және жалдау бөлімінің бас заңгер маманы. 2005 жылдан - «ШҚО қаржы департаменті» МБ мүліктендіру және жекешелендіруден кейінгі бақылау бөлімінің бас маманы. 2006 жылдан - «ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау департаменті» МБ әкімшілік бөлімінің бастығы, сәулет-құрылыстық бақылау және инспекциялау бөлімінің бастығы, әкімшілік бөлімінің бастығы. 2006 жылдың наурызынан - ШҚО «Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау департаменті» МБ бөлім бастығы. 2009 жылдың маусымынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасының бастығы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар