Мұса Жұрмаханбетұлы Сейісов (10 сәуір 1949 жыл Орал қаласы) - мүсінші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. ҚР Көркемөнер академиясының мүшесі-корреспонденті. Мүсінші. Станокты мүсіндік шығармалар - портреттер, композициялар жасайды.

Қызмет жолы В.И. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген (1980), мүсінші. 1972 жылдан - шығармашылық жұмыста.

Шығармашылығы «Геологтың портреті», «Адам», «Жалғыз алма», Махамбетке арналған атты мүсіннің, «Қажымұқан», Ы. Алтынсариннің портреттік мүсінінің және т.б. жұмыстардың авторы. Мүсіндік монументтерді орындаушылық авторлық топтарға қатысты. Нефтекамск, Уфа, Элиста және т.б. қалаларының халықаралық симпозиумдерінің қатысушысы. Жұмыстары халықаралық, бүкілодақтық және республикалық көрмелерде қойылған. Жұмыстары ҚР Президентінің мұражайында, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында, жеке коллекцияларда сақталуда.

Қоғамдық қызметі ҚР Суретшілер одағының мүшесі.

Марапаттары ҚазКСР, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

Отбасы Әкесі - Жұрмұханбет Әлмұханбетұлы Сейісов, ҰОС қатысқан, Даңқ орденінің иегері. Анасы - Сейісова Дариға Жақсығұлқызы, үй шаруасымен айналысады.* Үйленген. Жұбайы - Қадырова Шолпан, үй шаруасымен айналысады. Ұлы - Сейісов Манас Мұсаұлы (1985 жылы туған), сарапшы-бағалаушы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:10 сәуірде туғандар Санат:1949 жылы туғандар Санат:Оралда туғандар Санат:Қазақстан мүсіншілері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институты түлектері Санат:Қазақстан көркемөнер академиясының корреспондент мүшелері Санат:Қазақстан суретшілер одағы мүшелері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері