Демченко Раиса Семеновна (1 қаңтар 1919 жылы туған, Алматы қаласы) – техника ғылымымдарының кандидаты (1982).
Мәскеу түсті металдар және алтын институтын бітірген (1945). Ресей және Қазақстанның түсті металлургия кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істеді (1945–57). Қазақстан Ғылым Академиясының Металлургия және кен байыту институтында кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болды (1957–87). 1987 жылдан зейнеткер.
Ғылым жұмыстарының негізгі бағыты түсті металдар металлургиясының физика-химия негіздеріне арналған. Іргелі зерттеу жұмыстарының нәтижелері қорғасынның шала өнімдері мен қайта өңделетін шикізаттарды қайта өңдеудің электртермиялық тәсілдерін жасауда пайдаланылып, Қазақстан, Ресей және Украина кәсіпорындарында қолданыс тапты.
Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972).Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1919 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Техника ғылымдарының кандидаттары Санат:Мәскеу түсті металдар және алтын институты түлектері Санат:Құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институты қызметкерлері Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері