Жәкен Үрістемов (02.02.1908, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы - 21.06.1995).- кенші, тау-кен технигі, тау-кен ісі шебері, Социалистік Еңбек Ері (1957).

Еңбек жолы мен жетістігі 1957 жылы Қарағанды кен техникумын бітірген. 1929-1933 жылдары Қарағанды көмір бассейнінде жер қазушы, тас қалаушы. 1933-1941 жылдары №18 шахтаның көмір құлатушысы, тұтандырушысы. 1941-1972 жылдары тау-кен ісі шебері, учаске бастығының көмекшісі, учаске бастығы.

Қоғамдық жұмысы 5-бесжылдықта көмір өнеркәсібін дамыту ісінде аса көрнекті табыстарға жетті. Жастардың тәлімгері, еңбеккер кеншілер әулетінің басшысы. 6-шы сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және төралқа мүшесі.

Марапаттары Ленин ордені 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені "Құрмет белгісі" ордені Социалистік Еңбек Ері (1957) Қарағандының құрметті азаматы (1971)Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 "Шахтер даңқы" белгісінің толық кавалері.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9-том, 640 б. Алматы - 1976 ж.

Дереккөздер

Санат:2 ақпанда туғандар Санат:Жаңаарқа ауданында туғандар Санат:21 маусымда қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Шахтер даңқы белгісінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшелері Санат:Қарағанды облыстық Кеңесінің депутаттары Санат:Қарағанды қалалық Кеңесінің депутаттары Санат:Қарағандының құрметті азаматтары Санат:Қарағанды политехникалық колледжі түлектері Санат:Қазақстан шахтерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары