Абд әл-Жаббар (Абд әл-Жаббар бин Ахмед әл-Хамадани; (1025 жылы өмір сүрген) — Ислам дінінің көрнекті өкілі, шафиит мазһабының факиһы, яғни діни құқықтық төрт мазһабтың ішіндегі мұсылмандар қауымы толық мойындаған Әбу Абдаллаһ аш-Шафии мазһабының түсініктемешісі, фикһ білімпазы, заңгер.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9 Көп жыл Бағдадта тұрды. Оны 971 жылы шамасында уәзір, мутазилашыларға (әл- Мутазила - дараланған, оқшауланған, бөлектенген) қамқоршысы ас-Сахиб ибн Аббад (938–995) фикһтан дәріс беруге Рейсге шақырады. Ол Рейде бас қази болып тағайындалады, кейін қади әл-қудат немесе әл-қади деген атаққа ие болды. Абд Әл-Жаббар кәләм, фикһ және табиғаттану бойынша бірнеше шығарма жазды. Оның сақталған шығармалары (1950-жылдың басында табылған) және Әбу Рашид ан-Найсабури (1024 ж.ө.) мен ибн Маттуайх (1076 ж.ө) сияқты шәкірттерінің туындылары мутазилашылардың ілімі туралы мағлұмат алудың негізгі көзі болып табылады.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Дереккөздер
Санат:Мұсылман ғалымдар Санат:935 жылы туғандар Санат:1025 жылы қайтыс болғандар Санат:Шафииттер Санат:Мутазилиттер