Бағытұр Әлімбайұлы Дәндібаев (29 сәуір 1951 жыл Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Дубинка кенті) - Қамысты ауданының әкімі (1998-2008).

Өмірбаяны Целиноград ауыл шаруашылығы институты Қостанай филиалының агрономия факультетін бітірген (1974), ғалым-агроном. 1967 жылдың қаңтарынан тамызына дейін - Қостанай облысы Урицкий ауданының «Севастополь» кеңшарында түрлі жұмыстарды атқарушы. 1969 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институты Қостанай филиалының студенті. 1974 жылдың қаңтарынан - «Севастополь» көңшарының бөлімше агрономы. 1974 жылдың мамырынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1975 жылдан - «Севастополь» кеңшарының бөлімше агрономы. 1978 жылдан - Қостанай облысы Урицкий ауданы «Маяк» кеңшарының бас агрономы. 1986 жылдан - Қостанай облысы Жітіқара ауданының Львов ауылшаруашылық тәжірибелік стансасының директоры. 1997 жылдың шілдесінен - Қостанай облысы Жітіқара аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы. 1997 жылдың қыркүйегінен - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің бірінші орынбасары - Жітіқара аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы. 1998 жылдың тамызынан - «Львов тәжірибе стансасы» РҚМК директоры. 1998 жылдың қазанынан - Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі. 2008 жылдың қаңтарынан - «Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылық департаменті» MM директоры. 2009 жылдан бері - Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі - төрағасының орынбасары.

Марапаттары «Құрмет» ордені (2004); «Еңбектегі озаттығы үшін» (1981) «Астана» «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Тыңға 50 жыл» (2004) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) «Қазақстан Парламентіне 10 жыл»'' (2006) медальдарымен марапатталған.

Отбасы Әкесі - Дәндібаев Әлімбай Дәндібайұлы, марқұм. Анасы - Дәндібаева Ләззат Құсайынқызы, марқұм. Үйленген. Жұбайы - Дәндібаева Элина Ыбырайқызы (1956 ж. т.), үй шаруасында. Қыздары - Дәндібаева Ләззат Бағытұрқызы (1978 ж. т.), Дәндібаева Гүлнәр Бағытұрқызы (1981 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:29 сәуірде туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Сарыкөл ауданында туғандар Санат:Ақмола ауыл шаруашылығы институты түлектері Санат:Қамысты ауданының әкімдері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Тыңға 50 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері