Бала Шідерті (Шат) – Ертіс алабындағы өзен. Ұзындығы 100 км-дей, су жиналатын алабы шағын, оның 40-50%-ы жыртылған.

Бастауы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Корнеевка ауылы тұсынан бастау алып, Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінде Шідерті өзеніндегі бөгенге құяды.

Гидрологиясы Көктемде еріген қар және жер асты суларымен қоректенеді. Негізгі саласы — Шаңтимес өзені. Жағалауы құламалы саз балшықты, кей жерлері кұмды. Жағалауында қамыс, құрақ, тал, тобылғы өседі. Сәуірде мұзы ериді. Өзен бірнеше жерден бөгелген.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы Санат:Баянауыл ауданы өзендері Санат:Бұқар жырау ауданы өзендері