Мәжікен Мүсілімов (1929 жылы туған) - металлург. Социалистік Еңбек Ері (1966), КСРО-ның құрметті металлургі (1959), ҚазКСР-інің еңбек сіңірген металлургі (1965).

Еңбек жолы Еңбек жолын 1947 жылы Қарағанды металлургия комбинатының (Теміртау қаласы) «400» станында қақтаушылықтан (вальцовшик) бастады. 1974 жылдан Қарағанды металлургия комбинатының сортты прокат цехының металлургиялық жабдықтарды жөндеу слесары. Жетіжылдық (1956-65) жылдары жоспардан тыс 6 мың т тауарлы прокат шығарды.

Қоғамдық қызметі Металлургия өнеркәсібі жұмысшылары көсіподағының республикалық комитетінің мүшесі (1971-76). КСРО Металлургия өнеркөсіп жұмысшылары кәсіподағы 10-съезінің делегаты (1972).

Марапаттары Ленин орденімен марапатгалған. КСРО-ның құрметті металлургі (1959). ҚазКСР-інің еңбек сіңірген металлургі (1965)Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан металлургтері Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:КСРО құрметті металлургтері Санат:Қарағанды металлургия комбинаты тұлғалары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген металлургтері Санат:КСРО металлургтері