Тұратбек Төлеубекұлы Шарапиев - 1956 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы Сарқан ауданының Веселое ауылында туған.
Өмірбаяны Әкесі - Шарапиев Төлеубек Орысбайұлы, зейнеткер. Анасы - Шарапиева Несібелді, зейнеткер.
Қазақ дене шынықтыру және спорт институтының дене шынықтыру және спорт факультетін (1987) дене шынықтыру пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Жетісу экономикалық институтының экономика және менеджмент факультөтін (1997) экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).
1974 жылдан - Талдықорған облысы Сарқанд ауданының «Путь Ильича» кеңшарында спорт жөніндегі әдістемеші. 1975 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1978 жылдан - Талдықорған облыстық Білім беру басқармасының жанындағы БЖСМ жаттықтырушы-оқытушысы. 1987 жылдан - Талдықорған облыстық халыққа білім беру бөлімінің әдістемелік жұмыс жөніндегі инспекторы. 1988 жылдан - Талдықорған облыстық халыққа білім беру бөлімінің оқу жұмысы жөніндегі инспекторы. 1991 жылдан - Талдықорған облысының «Еңбек резервтері» БЕСҚ облыстық кеңесінің оқу-спорт бөлімінің бастығы. 1992 жылдан - Талдықорған облыстық халыққа білім беру басқармасы бастығының орынбасары. 1995 жылдың шілдесінен - Талдықорған облыстық Дене тәрбиесі, спорт және туризм бірлестігінің бас маманы. 1995 жылдың желтоқсанынан - Талдықорған облыстық Дене тәрбиесі, спорт және туризм бірлестігі бастығының орынбасары. 1997 жылдан - Алматы облыстық Білім беру басқармасында дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы. 1998 жылдан - Алматы облыстық білім беру басқармасының облыстық ОРМБЖМ әдістемеші-нұсқаушысы. 2002 жылдан - Алматы облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының денө шынықтыру-сауықтыру жұмысы бөлімінің бас маманы м.а., 2003 жылдың қаңтарынан - бас маманы. 2003 жылдың сәуірінен - Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыру - жаппай және жоспарлық-қаржы жұмысы бөлімінің бастығы. 2003 жылдың тамызынан - Алматы облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасы бастығының орынбасары м.а., 2004 жылдан - бастықтың орынбасары, 2005 жылдан - басқарма бастығы. 2009 жылдан бері Алматы облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы.
Марапаттар «Астанаға 10 жыл» медалі (2008); ҚазКСР Ағарту министрлігінің (1985) грамотасы, Алматы облысы әкімінің (2005) грамотасы, ҚР Туризм және спорт министрлігінің (2005) құрмет грамотасы. ҚР Білім беру ісінің озаты (1995). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2006).
Отбасы Үйленген. Жұбайы - Шарапиева Ғалия Зиядқызы, Талдықорған қалалық нашар еститін балаларға арналған қосалқы мектеп интернаттың тәрбиешісі.
Ұлдары - Шарапиев Рустам, Шарапиев Руслан; қыздары - Шарапиева Әлия, Шарапиева Раушан.
Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Сарқан ауданында туғандар