Қыпшақ – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы өзен.
Бастауы Басын Ұлытаудың солтүстік етегінен алады, суы ащы, Қыпшақ көліне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 111 км, су жинайтын алабының ауданы 2540 км2. Негізгі саласы - Бірсуат (ұзындығы 23км). Негізінен көктемде еріген қар суымен және атмосфералық жауын-шашынмен қоректенеді. Қарашада катып, сәуірде сең жүреді. Өзен аңғары жайылым ретінде пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы