Алексей Юрьевич Полторанин (1987 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы) - қазақ шаңғышысы.

Италияның Валь-ди-Фьемме деген курортында шаңғы спорты түрлерінен ХХХІХ әлем чемпионатында 2013 жылы екі қола жеңген, ал 2010 жылы Әлем кубогынын Давос қаласында жеңген.

Өмірбаяны Қазіргі кезде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқиды. 1994 жылдан - Риддер қаласы «Шығыс Қазақстан облысы қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлік мектебінің» шаңғы жарысының спортшысы. 1998 жылдан бері - республикалық жарыстардың қатысушысы. 2001 жылдан бері жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында ойын көрсетеді. Эстафеталық жарыста жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (Норвегия, 2004); Италияда өткен Қысқы олимпиада ойындарының қатысушысы (Турин, 2006); VI қысқы Азия ойындарының спринттен күміс жүлдегері (Қытай, Чангчун, 2007); еркін үлгідегі 10 км қашықтықтан күміс жүлдегер (Италия, 2007); Италияда өткен Бүкіләлемдік универсиада және Әлем чемпионатының қатысушысы (2007); жастар арасындағы Әлем чемпионатының шаңғы жарысында 15 км классикалық сырғанаудан күміс жүлдегер (Италия, 2008); Әлем чемпионатының 15 км қашықтықтағы еркін жүрістен 23 жасқа дейінгілер санатындағы күміс жүлдегер (Франция, 2009); Әлем чемпионатының қатысушысы, ҚР II Қысқы спартакиадасының чемпионы, күміс, екі мәрте қола жүлдегері. Ванкувер қаласында өткен Олимпиадада 5-ші орынға ие болған (Канада). VII Азиада ойындарының чемпионы (Астана, Алматы, 2011) шаңғы жарыстарында (спринт 1,6 км), 2x3 шаңғы жарысындағы командалық спринтте, 4x10 км эстафетадағы шаңғы жарыстарында, 30 км-лік марафонда, 10 км-лік классикалық стильдегі шаңғы жарыстарының қола жүлдегері. Шаңғы жарысынан халықаралық санаттағы спорт шебері (2004).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалығы. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 2019 жылы Аустриядағы өткен әлем чемпионатында допингпен айыпталып, 4 жылға спорттан шеттетілді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан шаңғышылары Санат:2006 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарындағы шаңғышылар Санат:2010 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарындағы шаңғышылар Санат:2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарындағы шаңғышылар Санат:2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарындағы шаңғышылар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шеберлері Санат:Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Шаңғыдан Азия ойындары чемпиондары Санат:Шаңғыдан әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері Санат:Алфавит бойынша шаңғышылар Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары