Жыланды – Тоқырау алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында. Ұзындығы 45 км.

Бастауы Жаман Қызыларай тауының оңтүстік беткейіндегі бұлақтардың қосылуынан түзіліп, Ұзынбұлақ қыстауынан шығыста 10 км жерде тартылып қалады.

Гидрологиясы Жағасы жоғарғы ағысында тік, жарлауытты, орта және төменгі белігінде жайдақтау келеді. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен толысады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекеленген қара суларға бөлініп қалады. Суы мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы