Нұрлан Саттарұлы Жансейітов - 1951 жылы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Жансейітов Саттар, марқұм, зауыттың директоры қызметін атқарған. Анасы - Күшбаева Шахимаран, марқұм, үй шаруасымен айналысқан. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының геофизика факультетін бітірген (1974), тау-кен инженері-геофизик. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры (2003 жылдан). Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2004 жылдан). Геология-геофизика және мұнай тақырыбындағы 20-дан астам ғылыми мақаланың авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. КОКП мүшесі (1986-1992). 1974-1979 жылдары - «Маңғышлақмүнайгеофизика» тресінің геофизигі, аға геофизигі. 1980 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ МГБТП бөлім бастығы. 1981 жылдан - «Қазгеофизика» ӨГБ жетекші геофизигі, геология бөлімінің бастығы, бас директорының орынбасары. 1988 жылдан - ЙХДР-дағы Кеңес мұнай барлау экспедициясында геофизикалық жұмыстардың техникалық жетекшісі. 1990 жылдан - Алматы геофизикалық экспедициясының бастығы, «Қазгеофизтрест» тресі басқарушысының орынбасары, бас инженері. 1993 жылдан - «Қазмұнайгаз» МХК геофизикалық жұмыстар басқармасының бастығы. 1995-2005 жылдары- «ДАҢҚ» МЕЗҚ» ЖШС президенті. 1997 жылдан - «MSUP» ЖШС бас директоры. 1997 жылдан бері - «Қазөнеркәсіпгеофизика» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2006 жылдан бері - «Даңқ» МЕЗҚ» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы. ҚР Спорттық балық аулау федерациясының вице-президенті (2005-2007, 2009 жылдан бері). ҚР Геофизиктер қоғамының вице-президенті (1998-2010). Еуропалық Геофизиктер қауымдастығының мүшесі (EAGE, 1990 жылдан бері). АҚШ Геофизиктер қоғамының мүшесі (SEG, 1994 жылдан бөрі). «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ұлттық өнеркәсіпті дамытқаны үшін Франция Өнеркәсіпшілер одағының алтын медалімен; «Қазақстан мүнайына 100 жыл», «ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы» (2001) төс белгілерімен марапатталған. Спорттық балық аулау (спиннинг) бойынша спорт шебері.
Әскери атағы - аға лейтенант. Діни көзқарасы - «Барлық діндарларға құрметпен қараймын». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - I Петр. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Егер сыбайлас жемқорлықты жоятын болсақ, онда ең жағымды болжам».
Хоббиі - спорттық балық аулау, үстел теннисі.
Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс, қазақ, шетел әдебиеті (Л.Н. Толстой, С.А. Есенин, О. Бальзак, Дж. Лондон, А. Дюма және т.б.). Үйленген. Жүбайы - Жансейітова Ирина Петровна, «Батыр» ЖШС вице-президенті (Алматы қ.). Қызы - Меруерт; ұлы - Данияр.
Санат:Тұлғалар Санат:Геология