Жақия Ахметов (1913-1974), заң қызметкері. Жанаарқаның түлегі. Арғын тайпасының Қуандық руының Қареке бөлімінен шыққанАлтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014.
1937 ж. Қарағанды облыстық комсомол комитетінде қаржы бөлімін басқарған. 1940 ж. Қарағанды облыстық атқару комитетінің шешімімен облыстық прокурорға көмекші, кейіннен тергеуші прокурор болып бекітілді. Ұлы Отан соғысына (1941-45) қатысқан. Мәскеуде арнаулы заң курсынан өткеннен кейін 1946 жылға дейін әскери бөлімшелерде әскери прокурор қызметін атқарды. Осы жылы елге оралып, Қарағанды, Атбасар жол торабы бөлімшесінде прокурор болды. 1962-1974 ж. ҚазақКСР Жоғарғы соты төрағасының орынбасары қызметін үздіксіз 12 жыл бойы абыроймен атқарды.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Қазақстан прокурорлары Санат:Қарағанды облысы Санат:1913 жылы туғандар Санат:1974 жылы қайтыс болғандар