Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаев - 1957 жылы 29 қарашада Жамбыл облысы Қызылжар ауданының Қызыл Октябрь ауылында туған. Қазақ. Хронологиясы В.П. Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтының «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» факультетін бітірген (1981), инженер- механик. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1975 жылдан -Жамбыл облысы Қызылжар ауданы «Қызыл октябрь» ұжымшарының жұмысшысы. 1976 жылдан - В.П. Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтының студенті. 1981 жылдан - Жамбыл облысы Қызылжар ауданы «Жаңа Тұрмыс» кеңшарының бақылаушы механигі; 1982 жылдан - бас инженері. 1992 - 2007 жылдары - «Сарыбұлақ» кеңшарының директоры, «Сарыбұлақ» ААҚ президенті, Жамбыл облысы Қордай ауданы «Сарыбұлақ» ЖШС президенті. 2003 жылдан - «KAZEXIM group» ЖШС директорының орынбасары, «Маис Агро» ЖШС директоры (Апматы қ.). 2006 жылдан - «Маис Агро» ЖШС дирөкторының аграрлық саясат жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары. 2007 жылдан - Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі (Апматы қ.). 2009 жылдың желтоқсанынан бері - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. Жетістіктері «Қүрмет» орденімен (1999), «Астана» медалімен марапатталған.

Әскери атағы - майор. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық көркею». Хоббиі - кітап оқу, спорт (соның ішінде ат спорты), бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - Т. Драйзер, Б. Акунин, В. Пикуль, тарихи романдар. Үйленген. Жұбайы - Мұздыбаева Айнагүл Кеншімбайқызы (1957 жылы туған). ¥лдары - Жолдасбаев Талғат Мұратбайұлы (1981 жылы туған), Жолдасбаев Айбек Муратбайұлы (1982 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар