Дина Ерғазықызы Әбдірахимова (1934-2002), мемлекет қайраткері. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетін бітірген. Қарағанды қаласына комсомолдық жолдамамен келіп, 1959-1961 ж. облыстық комсомол комитетінің 2-хатшысы, көп жылдар бойы партиялық қызметтерді атқарған, 1972-78 ж. обком хатшысы болып сайланды. Қазақ республикалық кәсіподақтар кеңесінің хатшысы, 1985-1990 ж. ҚазКСР әлеуметтік қамсыздандыру министрі. 12-шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңестің депутаты. Еңбек Қызыл Ту, 2 «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Алаштың қоғам қайраткері Халел Досмұхамедовтың немересі. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін сол кісі атындағы қор кұрып еңбектерін жарыққа шығарды.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:1934 жылы туғандар Санат:2002 жылы қайтыс болғандар Санат:Қарағанды облысы Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақ КСР саясаткерлері Санат:КСРО одақтас республикаларының халық комиссарлары мен министрлері