Гүлфида Шайхиқызы Гафурова 1966 жылы 5 шілдеде Целиноград қаласында туған. Татар.

Әкесі - Гафуров Шайхи. Анасы - Гафурова София.

А.В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін (1984); Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының хореография факультетін (2003) бітірген, педагог-хореограф.

1984 жылдан - ҚазКСР Классикалық би ансамбліндө жеке балет орындаушысы. 2008 жылдан - жеке орындаушы және үйретуші педагог; 2009 жылдан бері - ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының бас балетмейстері.

«Кармен-сюита», «Севильядағы мереке», «Қылмыс пен жаза», «Электра», «Шопениана», «Болеро» және т.б. спектакльдер мен концерттік нөмірлерде өнер көрсетеді.

Мәдениет қайраткері (2000). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2003).

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Жалметов Баходир Исмаилұлы. Қыздары - Жалметова Ясмина (1992 жылы туған), Жалметова Карима (1996 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:5 шілдеде туғандар Санат:1966 жылы туғандар Санат:Астанада туғандар Санат:Қазақстан татарлары Санат:Алматы хореография училищесі түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақстан классикалық би ансамблі тұлғалары Санат:Қазақстан мемлекеттік академиялық би театры тұлғалары Санат:Қазақстан балетмейстерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері